«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бір атаның балалары

12.04.2021

Бүгінгі сабақта 5 «Б» сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жазушы Мұхтар Мағауинның «Бір атаның балалары» әңгімесінің мазмұнымен танысты. Сабақтың мақсаты: балаларды адамгершілікке, адалдыққа, қазіргі  жетімдер өмірімен байланыстыра отырып, бауырмалдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу. Оқушылар көркем шығарманы оқи отырып, сыни тұрғыдан талдауға өз көзқарастарын білдіре алды, қазіргі өмірмен байланыстырып, өзіндік ой қорытындысын жасай білді. Сабақ барысында шығармадағы алты баланың ауыр тағдырын, соғыстан кейінгі өмірлерімен таныстырылды және қазіргі жетімдер өмірімен байланыстыра талданды. Соғыстан кейінгі өмірлерімен таныстыра отырып, сөйлеу мәдениетін, танымдық қабілеттеріне көңіл бөлінді. Сабақ барысында жеке тұлғаға бағытталған тапсырмалар ұсынылды. Бірлесіп іздеуге, олардың пікіралмасуға, диалогтік әңгімеге араласты.

Жумашова А.М.

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст