«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ

12.02.2021

На отраслевом уровне на 2021-2023 гг. Об установлении условий труда, занятости и социальных гарантий для работников сферы образования и науки.

 

СЕКТОРАЛЬНОЕ СОГЛАШЕНИЕ О СОЦИАЛЬНОМ ПАРТНЕРСТВЕ

 

 

1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

 

1.1. Настоящее Отраслевое соглашение (далее - Соглашение) заключено в соответствии с законодательством Республики Казахстан с целью определения обязательств и содержания сторон по созданию условий труда, занятости и социальных гарантий на отраслевом уровне.

1.2. Стороны настоящего Соглашения:

- от имени государства - Министерство образования и науки Республики Казахстан (далее - Министерство);

- от имени работодателей - ULPA «Ассоциация высших учебных заведений Республики Казахстан», ULPA «Республиканская ассоциация частных образовательных организаций», ULPA «Ассоциация организаций развития человеческого капитала, образования и науки» (далее - Работодатели );

- Сотрудники - Общественное объединение «Казахстанский профсоюз индустрии образования и науки» (далее - Профсоюз).

1.3. Соглашение, как один из институтов социального партнерства, предусматривает защиту трудовых, социально-экономических прав и законных интересов работников, прав и интересов работодателей. 

1.4. Настоящее Соглашение соответствует положениям Конституции Республики Казахстан, Трудового кодекса Республики Казахстан, законов Республики Казахстан «Об образовании», «О науке», «О статусе учителя». , «О профессиональных союзах». Основывается на положениях Государственной программы на 2025 год, Генерального соглашения между Правительством Республики Казахстан, Республиканским объединением работников и работодателей на 2021-2023 годы. 

1.5. Соглашение: 

- Строгое соблюдение законодательства Республики Казахстан;

- равенство сторон;

- взаимная ответственность и взаимоуважение сторон, компромисс с максимально возможным достижением их интересов;

- интерес к результату; 

− қажет мәселелерді талқылау еріктілігі; 

− өздеріне міндеттемелерді қабылдау еріктілігі; 

− қызметкерлер мен жұмыс берушілердің лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау үшін сындарлы өзараәрекеті, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау принциптері бойынша құрылады.

1.6. Министрлік, Жұмыс берушілер, Кәсіподақ (бұдан әрі – Тараптар) алдағы уақытта білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын шарттық реттеу, әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде өзара іс-әрекетті дамыту жөнінде келісімге келді.

1.7. Министрлік және Жұмыс берушілер Кәсіподақты республикалық мәртебесі бар және ұжымдық келіссөздерге құқылы, әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде салалық келісімдер мен сала ұйымдарында ұжымдық шарттар жасауға, білім және ғылым саласы қызметкерлерінің өкілетті өкілі ретінде мойындайды, кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілеттік етуге қатысты оның қызметін нығайтуға ықпал етуге міндеттеледі.

1.8. Тараптар осы Келісімнің мәртебесін білім және ғылым жүйесіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі принциптерін белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде мойындайды.

Осы Келісімнің күші білім және ғылым саласының мемлекеттік органдарына, жұмыс берушілеріне, қызметкерлері мен олардың өкілдеріне қолданылады.

1.9. Осы Келісімнің негізгі ережелері облыстық, қалалық және аудандық салалық келісімдерге, сонымен қатар сала ұйымдарында қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы ұжымдық шарттарға міндетті түрде қосу үшін негіз болып табылады. 

Өңірліксалалық келісімдерде, ұйымдардың ұжымдық шарттарында еңбек заңнамасымен, еңбек құқығының нормаларынан тұратын өзге де актілерменжәне осы Келісіммен белгіленген қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктерінің деңгейін төмендететін жағдайлар қолданылмауға тиіс. Өңірлік салалық келісімдерде, ұйымның ұжымдық шарттарында олардың қызмет ету ерекшеліктерін, қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, қызметкерлер үшін жеңілдіктер мен басымдықтар, белгіленген заңдармен, еңбек құқығының нормаларынан тұратын өзге де нормативтік құқықтық актілермен және осы Келісіммен салыстырғанда неғұрлым қолайлы еңбек жағдайлары белгіленуі, сондай-ақ еңбек заңнамасына және осы Келісімге сәйкес қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары, жеңілдіктер мен кепілдіктер де белгіленуі мүмкін.

1.10. Жұмыс берушілер және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының тиісті сайланбалы органдары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 158-бабына сәйкес жеке әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер тек кәсіподақ мүшелеріне қолдалынатын, сондай-ақ кәсіподақ мүшелері емес қызметкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олардың мүдделерін білдіруге бастауыш кәсіподақ ұйымының тиісті сайланбалы органын өкілетті етутуралы бөлімдерден тұратын ұжымдық шарттар жасай алады. 

1.11. Тараптар Келісімнің қолданылу мерзімінде біржақты тәртіпте өздеріне қабылданған міндеттемелердің орындалуын тоқтатуға құқықтары жоқ. 

Келісім тараптарын қайта ұйымдастыру жағдайында Келісімді орындау жөніндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері олардың құқықтық мұрагерлеріне өтеді және оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. 

1.12. Кәсіподақ органдарымен қабылданатын барлық деңгейдегі шешімдер, ұжымдық шарттардың ережелері әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссиямен қабылданатын шешімдерге және Бас, салалық және өңірлік келісімдердің ережелеріне сәйкес келуі тиіс. 

1.13. Осы Келісім Тараптары кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың (кәсіподақ мүшелері) құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері білім беру ұйымы мен тиісті кәсіподақ ұйымы арасында жасалатын келісімдермен ресімделеді деп келісті. 

1.14. Тараптар осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге бастама жасаушы Тарап келесі тарапқа Келісімді жасау тәртібіне сәйкес келіссөздер жүргізуді бастау жөнінде жазбаша хабарлама жібереді.

Тараптар қабылдаған Келісімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамамен және осы Келісімнің ажырамас  бөлімі болып табылатын қосымша келісіммен ресімделеді.

1.15. Тараптар осы Келісім шарттарының орындалу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде салалық және кәсіподақтық басылымдарында, Министрліктің, Жұмыс берушілер мен Кәсіподақтың ресми сайттарында жариялауға келісті.

1.16. Осы келісімнің, аймақтық салалық келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының жағдайлары біржақты тәртіпте өзгертілмейді. 

1.17. Қазақстан Республикасыныңеңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайларын нашарлататын әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық, еңбек шарттарының, жұмыс берушілер актілерінің ережелеріжарамсыз болып танылады және қолдануға келмейді.

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ 
    1. Осы Келісімнің Тараптары өздеріне төмендегідей міндеттемелерді қабылдайды:
      1. Әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында бір-бірлеріне еңбек қатынастарының мәселелері бойынша, саладағы әлеуметтікэкономикалық жағдай, осы келісімді реттеу нысаны болып табылатын мәселелер бойынша қабылданған шешімдер мен нормативтік құқықтық актілер туралы уақытылы және толық ақпарат жіберу. 
      2. Өңірлік салалық келісімдер мен ұйымдардағы ұжымдық шарттардың жасалуына, нәтижелілігі мен әрекеттілігін арттыруға барынша ықпал ету.
      3. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің заңнамамен белгіленген тәртібін қадағалау, жанжал тудыруға әкеліп соғатын себептерді болдырмау үшін оларды шешудің соңғы шарасы –қызметкерлердің ереуілге жүгінуінің алдын алу мақсатында барлық мүмкіндіктіпайдалану.
      4. Салалық біліктіліктің шеңберін әзірлеу мақсатында Тараптар өкілдерінен жұмыс тобын құрып, әрі қарайәлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссия отырысында біліктілік шеңберін бекіту.
      5. Жыл сайын әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссия отырысында әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдердің алдын алу және болдырмау жөнінде іс-шаралар Жоспарын әзірлеп, бекіту.
    2. Министрлік:
      1. Жұмыс берушілер мен Кәсіподақтың өкілдерін келісімдері бойынша алқалық басқарушы органдарға, еңбек қатынастары және әлеуметтікэкономикалық мәселелергеқатысты нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік салалық бағдарламалар жобаларын әзірлеу жөніндегікомиссияларға және басқа да жұмыс органдарына (топтарына) қосады. 
      2. Жұмыс берушілермен және Кәсіподақпен еңбек және әлеуметтікэкономикалық қатынастар мәселелері жөніндекеңестер жүргізеді, Кәсіподаққа оның сұранысымен қызметкерлердің саны мен құрамы, еңбекақы төлеу жүйелері, персоналдар санатының орташа жалақы мөлшерлері, еңбекті қорғау және оның жағдайлары бойынша көрсеткіштер, қызметкерлер санын (штаттарды) жаппай қысқарту жөніндегі шараларды жоспарлау мен жүргізу, білім және ғылым саласында қаржылай қамтамасыз ету  бойынша мемлекеттік органдармен қабылданған шешімдер туралы ақпаратты, әлеуметтік-еңбек мәселелерінеқатысты басқа да қажетті ақпаратты ұсынады.
      3. Министрліктің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының жобаларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде Жұмыс берушілерге, Кәсіподаққа бұл туралы алдын ала хабарлап, олардың және Салалық комиссияның пікірлерін ескереді.
      4. Білім беруді басқару органдарының жұмысына (ғылыми, қамқоршылық, бақылау, педагогикалық кеңестер және т.б.) жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің қатысуына мүмкіндік жасайды. 
      5. Жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары рейтингісін анықтау өлшемшарттарының бірі ретінде ұжымдық шарттың және онымен белгіленген әлеуметтік пакет құнының болуын ескереді. 
    3. Кәсіподақ:
      1. Министрлік пен Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша Кәсіподақ мүшелерінің саны мен құрылымы, оның ұйымдары, еңбек заңнамасының орындалуы бойынша қоғамдық бақылаудың нәтижелері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауда саладағы әлеуметтік әріптестік көрсеткіштері туралы статистикалық және өзге де ақпаратты ұсынады.  
      2. Жұмыс берушілердің өкілдерін еңбек заңнамасының негіздеріне, кәсіподақтар туралы заңнаманың, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестікті құқықтық реттеу мәселелеріне оқытуды жүргізеді.
      3. Жасалған өңірлік салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардың есебін жүргізеді, оларды талдайды, әлеуметтік серіктестік саласындағы озық тәжірибелерді жинақтайды және таратады.
      4. Жеке еңбек дауларын уақытында және білікті шешу мақсатында сала ұйымдарында келісу комиссияларының мүшелерін оқытады. 
      5. Жұмыс берушілердің Келісім және ұжымдық шарттарда көрсетілген міндеттемелерді орындау барысында ұйымдарда ұжымдық еңбек дауларының алдын алуға ықпал етеді.
    4. Жұмыс берушілер:
      1. Тараптарға Келісімді әзірлеу, жасау және өзгерту, олардың орындалуын бақылау мақсатында ұжымдық келіссөздер жүргізуге қажетті әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша бар ақпаратты ұсынады.
      2. Келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. 
      3. Әлеуметтік әріптестік жүйесіне білім және ғылым саласының ұйымдарын тарту жөнінде жұмыс жүргізеді.
      4. Келісімдерде, сондай-ақ ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді жұмыс берушілердің орындауына ықпал ету. 
      5. Жұмыс берушілерге еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттейтін заңнамаларды қолдану, еңбек құқығының нормаларынан тұратын жергілікті құқықтық актілерді әзірлеу, ұжымдық шарттарды, келісімдерді жасау, сондай-ақ жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу мәселелерінде көмек көрсетеді. 
      6. Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда кәсіподақтардың құқықтары мен кепілдіктерін сақтайды,кәсіподақтар жүзеге асыратын халықаралық заңнамаға, Қазақстан Республикасы «Кәсіптік одақтар туралы» заңына, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес заңнаманың орындалуын бақылауға ықпал етеді. 
    5. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарынан туындайтын әріптестік Тараптарының барлық өзге міндеттемелері өңірлік салалық келісімдер мен білім және ғылым ұйымдарында ұжымдық шарттарды жасау кезінде реттеледі және нақтыланады. 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ

ТАРАПТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 

 

3.1. Тараптар өздеріне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

3.1.1. Педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, педагогтарды экономикалық және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету жөнінде бірлескен жұмысты жалғастыру.  

3.1.2. Ғылыми әзірлеу мен зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыруды арттыруға бағытталған мақсатты жұмыс жүргізу.

3.2. Кәсіподақміндетті:

3.2.1. Мемлекеттік бағдарламамен белгіленген міндеттерді шешуге еңбек ұжымдарының бірігуі, еңбек тәртібін күшейту үшін кәсіподақ жұмысының қолданыстағы нысандарын пайдалануға;

3.2.2. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін өз құзыреті шегінде тиімді қорғауды қамтамасыз етуге;

3.2.3. Кәсіби конкурстар, акциялар, БАҚ-пен бірлескен жобалар, форумдар, слеттер, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қоғамдағы педагогтың жағымды имиджін қалыптастыру жөнінде жұмысты дайындауға және жүргізуге қатысуға;

3.2.4. Кәсіподақ мүшелеріне тегін заңгерлік және кеңестіккөмек беру аясын кеңейтуге, кәсіподақ ұйымдарының қызметін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге. 

3.3. Жұмыс берушілерміндетті:

3.3.1. Білім және ғылым сапасы мен тиімділігін арттыру, сала ұйымдары қызметінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуге.

3.3.2. Кәсіподақпен бірлесіп еңбек заңнамасы және әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша басшыларды, мамандар мен қызметкерлерді оқыту жүйесін ұйымдастыруға;

3.3.3. Кәсіподақтар келісімдермен және ұжымдық шарттармен белгіленген жағдайлар мен тәртіпте, еңбек ұжымдарында әлеуметтік-мәдени және өзге де жұмыстарды өткізу үшін қаражаттың бөлінуін қарастыруға.

 

4. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

Тараптар растайды:

4.1. Қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастары

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Бас келісіммен, осы Келісіммен, өңірлік, өңірлік салалық келісімдермен, ұйымдардың ұжымдық шарттарымен реттеледі.

4.2. Еңбек шартының мазмұны, оны жасау, өзгертулер мен бұзу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне, басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, сала ұйымдарының жарғыларына (ережелеріне) сәйкес анықталады және қолданыстағы еңбек заңнамасымен, сондай-ақ Бас, салалық, өңірлік,өңірлік салалық келісімдермен, ұжымдық шарттармен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлата алмайды. 

  1. 3.Еңбек шартын жасау, аттестаттаудан өткізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек занамасымен көзделген өзге де жағдайларда педагогтарға, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге біліктілік талаптары кәсіптік стандарттар негізінде белгіленеді. 

Тараптар, кәсіптікстандарттармен реттелмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың» №338 бұйрығымен бекітілген педагогтардың Үлгілік біліктілік сипаттамаларының ережелері қолданылады деп келісті. 

  1. Педагогтардың оқу жүктемесінің көлемі (педагогикалық жұмыстың) оқу жоспары, оқу бағдарламасы бойынша сағаттар санына, кадрлармен қамтылуына, сол ұйымдағы басқа да нақты жағдайларға орай білім беру ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып белгіленеді.  

Педагогтың оқу жүктемесінің көлемі еңбек шартында көрсетіледі және тек еңбек шартына қосымша келісім жасау арқылы тараптармен өзгертілуі мүмкін.

  1. Жекеменшік ұйымдарда педагогтарға оқу жүктемесін белгілеу кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» заңда белгіленген нормативтік оқу жүктемесі қолданылады. 
  2. Педагогтардың негізгі жұмыс орны болып табылатын ұйым жаңа оқу жылына оқу жүктемесін белгілеу кезінде, ереже бойынша, оның көлемі, сыныптарда, топтарда пәндерді оқытуды жалғастыруы сақталады. Оқу жылының басында педагогтарға белгіленген оқу жүктемесінің көлемі оқу жылы ішінде оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағаттар санының азаюы, сыныптар санының қысқаруы жағдайларын ескермегенде, әкімшіліктің бастамасымен азайтыла алмайды. 
  3. Оқу жоспарымен көзделген сағаттар санына байланысты, педагогтардың оқу жүктемесі бірінші және екінші оқу жартыжылдықтарында әртүрлі болуы мүмкін.
  4. Педагогтардың оқу жүктемесінің заңнамамен көзделген нормативтік көлемінен көп немесе аз болуы тек олардың жазбаша келісімімен белгіленеді. 
  5. Қоса атқарылатын оқытушылық жұмыс сол ұйымда негізгі жұмыстан басқа қосымша жұмыс істейтін тұлғаларға, сондай-ақ басқа білім беру ұйымдарының педагогтарына (білім басқармалары органдары мен оқуәдістемелік кабинеттердің, орталықтардың қызметкерлерін қосқанда) осы ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтар кем дегенде бір ставкалық жалақы мөлшерінде оқу жүктемесімен қамтылған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 
  6. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысындағы педагогтарға оқу жүктемесі жалпы негізде белгіленеді және осы мерзімде оны орындау үшін басқа қызметкерлерге беріледі.
  7. Оқу жүктемесі демалыс және мереке күндеріне жоспарланбайды. 
  8. Педагогтың оқу жылы ішінде оқу жүктемесін еңбек шартында немесе ұйым басшысының бұйрығында келісілген оқу жүктемесімен салыстырғанда азайту немесе көбейту:

а) тараптардың өзара келісімі бойынша;

б) мына жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен:

  • оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағат санын азайту, сыныптар, топтар санын қысқартуы; 
  • өндірістік қажеттілікке байланысты, уақытша орнында жоқ қызметкерді алмастыру үшін оқу жүктемесінің көлемін уақытша көбейтуі (мұндай жағдайда қызметкердің келісімінсіз көбейтілген оқу жүктемесін орындау ұзақтылығы күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспауы қажет);
  • қызметкерлерге олардың мамандығы мен біліктілігін ескере отырып, бос тұрып қалған жағдайдың барлық уақытына сол ұйымнан немесе сол жердегі басқа ұйымнан кемінде бір айға басқа жұмыс тапсырылуы (ауа райы жағдайларына, карантинге және басқа жағдайларға байланысты сабақтарды

тоқтату);

  • бұрын осы оқу жүктемесін орындаған педагогтың жұмысында еңбек дауын қарайтын органмен қалпына келтіруі;
  • бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысын үзген немесе осы демалыс аяқталғаннан кейін әйелді жұмысқа қабылдауы мүмкін. 
    1. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері еңбек шартымен белгіленген жұмыспен қатар, еңбек шартына қосымша келісім бойынша немесе еңбек шартымен қоса атқаратын жұмыс негізінде сол ұйымда штаттық лауазымсыз қоса атқару немесе қосымша жұмыс жасау жағдайында сыныптарда, топтарда, үйірмелерде, секцияларда оқытушылық жұмысты жүзеге асыруға құқылы. 

Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына басқарып отырған ұйымдарында тек басқару органының рұқсатымен пәндерден сабақ беру 0,5 нормативтік оқу жүктемесі көлемінен аспайтын, толық ақы төлеумен қосымша педагогикалық жұмыс берілуі мүмкін.

Өндірістік қажеттілікке байланысты (оқу жоспарының бөлінбеуі, педагогтың уақытша болмаған және тағы басқа жағдайларда) жүктеме 50% астам көлеміндеберілуі мүмкін.

  1. Профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесінің көлемін қызметкердің біліктілігіне және кафедра бейініне байланысты білім беру ұйымы өз бетінше анықтайды және оқу жылында 700 сағаттан аспауы тиіс. 
  2. Педагогтардың маңызды еңбек жағдайларын жұмыс берушінің бастамасымен өзгертуге, ереже бойынша тек жаңа оқу жылында қызметкердің еңбек функциясын өзгертпей өз жұмысын жалғастыруы кезінде (белгілі мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы) ұйымдастырушылық және технологиялық еңбек жағдайларының өзгеруіне (сынып-жинақтардың, топтар мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) сандарының өзгертілуі, оқу жоспары бойынша жұмыс сағаттары санының өзгеруі, эксперимент жүргізу, ұйым жұмысы ауысымының өзгеруі, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының және т.б. өзгеруі) байланысты жол беріледі.

Аталған ереже білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына қолданылмайды.

  1. 16.Оқу жылы ішінде еңбек келісімінің маңызды шарттары тараптардың еркінен тыс ерекше жағдайларда ғана өзгертілуі мүмкін.

Еңбек шартының жағдайларын өзгерту туралы жұмыс беруші қызметкерге, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарламаның неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмеген болса, кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жазбаша түрде хабарлауы тиіс.

Егер қызметкер жаңа жағдайдағы жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс беруші оған біліктілігіне және денсаулық жағдайына сәйкес келетін ұйымдағы басқа жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаған жағдайда – қызметкердің біліктілігі мен денсаулығын ескере отырып, орындай алатын төмен дәрежелі бос қызмет орнын немесе ақысы аз жұмысты жазбаша түрде ұсынуға міндетті.

  1. Жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі қызметкермен еңбек шартын жасасқан кезде, оны осы келісіммен, ұжымдық шартпен, білім беру ұйымының Жарғысымен (Ережесімен), ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен және ұйымның қолданысындағы еңбек мәселелері жөніндегі өзге де актілермен қолын қойғызып таныстыруы тиіс. 

Аталған ереже мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға, егер олармен еңбек шарттары жоғары тұрған мемлекеттік ұйымдармен жасалған болса, қолданылмайды. 

  1. Қызметкермен еңбек шартын тоқтату тек Қазақстан Республикасы Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген негіздер бойынша іске асырылуы мүмкін. Кәсіподақ мүшесі – қызметкермен жұмыс берушінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабында көзделген кез келген негіздеме бойынша еңбек шартын бұзу кезінде Жұмыс беруші алдын ала бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін алуға міндетті. 

Кәсіподақ мүшесі болып табылатын білім және ғылым саласы ұйымының басшысымен еңбек шартын бұзу жағдайында білім және ғылым ұйымы басшысымен еңбек шартын бұзу құқығына ие жоғары тұрған басшы дәлелді пікір алу үшін қарамағында еңбек ұжымында құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы бар аумақтық кәсіподақ ұйымының атқарушы кәсіподақ органына жүгінуге міндетті. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты білім және ғылым саласы ұйымының басшысымен еңбек шартын бұзу кезінде, егер аталған басшы кәсіподақ мүшесі болып табылса, Қазақстандық салалық кәсіподақ төрағасының немесе оның орынбасарының дәлелді пікірі сұратылады.

Кәсіподақтыңдәлелді пікірі 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

  1. Білім беру ұйымдарының басшылары өздеріне қызметкерлердің жеке деректерін сақтау тәртібін белгілейтін бұйрықтар шығаруға міндеттеме алады. 

Жұмыс берушілер қызметкердің жеке деректерін беру кезінде мынадай талаптарды қадағалауға міндетті: 

  1. қызметкердің жеке деректерін үшінші тарапқа қызметкердің жазбаша келісімінсіз хабарламау; 
  2. қызметкердің жеке деректерін алуға тек арнайы уәкілетті тұлғаларға рұқсат ету. Бұл ретте, аталған тұлғалар қызметкердің тек нақты функцияларды орындау үшін қажетті жеке деректерін ғана алуға және құпиялылық режимін сақтауға құқылы;
  3. қызметкердің жеке деректерін, қызметкер таныс болуға тиіс жұмыс берушінің актісіне сәйкес ұйым ішінде ғана беруді жүзеге асыру.
    1. Қашықтықтан жұмыс еңбек шартының жағдайларымен анықталады. 
    2. Төтенше жағдай кезінде қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылған қызметкерлердің жеке құрамын ұйым басшылығы анықтайды. 
    3. Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде:

− Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;

− одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;

          − Қазақстан    Республикасының    заңдарында    көзделмеген    тексерулер

жүргізуге;

− оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтарын олар кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмейді.

 

  1. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ
    1. Тараптар мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған білім және ғылым қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеуді «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы

31желтоқсандағы №1193 қаулысы негізінде жүзеге асырады. 

Шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, еңбекке ақы төлеудің мерзімді-сыйлықақы нысаны қолданылады. Бұл кәсіпорындардағы еңбекке ақы төлеу мәселелері бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып, бекітілген кәсіпорынның өзі әзірлеген Еңбекке ақы төлеу ережелерімен реттеледі.

Басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы мемлекеттік білім және ғылым ұйымдары мен жекеменшік ұйымдар еңбекақы төлеу жүйесін өз қалаулары бойынша қолданып, ережесі кәсіподақ ұйымдарымен келісіледі. 

  1. Меншік түріне қарамастан білім және ғылым жүйесінің мамандарына тарифтік ставканың (айлықтың) ең төменгі мөлшері ҚР Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысымен және осы Келісіммен белгіленген еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартынан кем болмауы тиіс
  1. 3.Жекеменшік ұйым қызметкерлерінің еңбек, ұжымдық шарттармен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен көзделген бірінші (ең төменгі) раздрядты қызметкердің айлық жалақысының мөлшері немесе айлық тарифтік ставкасының мөлшері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен сәйкес қаржы жылына белгіленген айлық жалақының бір жарым есе ең төменгі мөлшерінен, ал ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін салалық коэффициентке көбейтілген мөлшердентөмен болмайды.  

Ауыр жұмыста, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін салалық коэффицент 1,8 кем емес мөлшерде белгіленеді. 

Келісімдермен және ұжымдық шарттармен тарифтік кестеде белгіленетін разрядаралық коэффициенттер мәні 1,2 кем болмайды. 

  1. Қызметкерлерге жалақы жұмысты орындағаны үшін ай сайын ақшалай түрде төленеді. Жалақы қызметкерлерге келесі айдың 10-нан кешіктірілмей төленуі тиіс. 
  2. Жалақы еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және:

       −       лауазымдық айлықтан (тарифтік ставка);

       −       еңбек жағдайы үшін көтерме, үстеме және қосымша ақылардан; 

− ұйымның жергілікті құқықтық актілерімен, қолданыстағы заңнамамен көзделген басқа да төлемдерден тұрады. 

Нормативтік оқу жүктемесі белгіленген педагогтардың жалақысының мөлшері тікелей оқу жүктемесінің көлеміне байланысты және бір айдағы жұмыс күндерінің санына байланысты емес. Аталған қызметкерлердің айлық жалақысы олардың нақты оқу жүктемесіне қарай есептеледі. 

  1. Бюджеттік ұйымдарға өкілдік ететін Жұмыс берушілер өздеріне «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы

31желтоқсандағы №1193 қаулысымен белгіленген мөлшерде мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша және үстеме ақылар тағайындауға және төлеуге міндеттеме қабылдайды. 

Қызметтерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақы (қызмет көрсету аумағының кеңеюі) қызметкердің лауазымдық айлығынан 50 % мөлшерінде тағайындалады. Бұл шектеу нормативік оқу жүктемесі белгіленген педагогтарға қолданылмайды. Ұжымдық шарттармен және келісімдермен аталған қосымша ақының неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін. 

Тараптар қызметтерді қоса атқаратын немесе қызмет көрсету аймағының кеңеюі ретінде сабақ беретін мұғалімдердің, оқытушылардың және басқа педагогтардың оқу жүктемесін көбейтуді қарастырмайтын болып келісті. Аталған тұлғалардың нақты оқу жүктемесін көбейту барлық құқықтық салдарымен жұмысты қоса атқару ретінде қаралады. 

Мұндай тұлғалармен нормативтен тыс оқу жүктемесіне қоса атқару бойынша жұмысқа бөлек еңбек шарты жасалады. 

5.7. Тараптар кабинеттерді (зертханалар, шеберханалар) меңгеру үшін төленетін қосымша ақыны, білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жыл сайын тамыздың 20-нан 30-ы аралығында өткізілетін оларды аттестаттау нәтижесі бойынша тағайындайды деп келісті. Кабинеттерді (зертханаларды, шеберханаларды) аттестаттау нәтижелері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді. Егер оқу жылының басында аттестаттау өткізілмеген болса, онда қосымша ақыны тағайындау өткен аттестаттау нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

5.8. Тараптар білім беру ұйымдарында білім алатын ерекше білімді қажет ететінбалалармен, сондай-ақ жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс үшін қосымша ақы алушылардың тізіміне:

− білім беру ұйымдарының басшылары;

− барлық лауазымдар мен мамандықтардың педагогтары; 

− педагог емес: тәрбиешілердің көмекшілері, зертханашылар, барлық мамандықтағы медициналық қызметкерлер, кітапханашылар, аспазшылар және аталған санаттағы балалармен тікелей байланыстағы басқа да қызметкерлер кіреді деп келісті. 

5.9. Тараптар оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезінде жұмыс уақыты үшін педагогтардың еңбектеріне ақы төлеу каникул басталғанға дейін болған тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен жүзеге асырылады деп ұйғарды. 

5.10. Штаттық лауазымсыз педагогикалық жұмысты атқаратын педагогтарға (мұғалімдер, оқытушылар, тәрбиешілер және т.б.) жаңа оқу жылының басында тарифтеу тізімі құрылып, бекітіледі. 

5.11. Жұмыс берушілер өздеріне ай сайын қызметкерлерге жалақы төлеу күні, әрбір қызметкерге оған тиесілі жалақының негізгі құрамы, ұсталынған ақшаның мөлшері мен негіздемесі, оның ішінде аударылатын міндетті зейнетақы жарналары, төленуге тиісті жалпы сома туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабарлауға міндеттеме қабылдайды. 

5.12. Жұмыс берушілер қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені қамтамасыз етуге көзделген қаражаттарды үнемдеу есебінен немесе «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына 24 және 25қосымшаларға сәйкес қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген смета бойынша қызметкерлерге сыйлықақы беруді, жеке қосымша ақылар тағайындауды, материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырады.Сыйлықақы беру тәртібі аймақтық салалық келісіммен, ұжымдық шартпен белгіленеді. 

5.13. Қызметкер жыл сайынғы немесе басқа еңбек демалысында болған мерзімде, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы мерзімінде оның еңбекке төленетін ақысын және (немесе) жалақының ставкасын өзгертуге құқығы келген кезде еңбекке ақы төлеудің анағұрлым жоғары разряды ставкасының мөлшерінен шығатын жалақыны төлеу, еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы аяқталған күннен бастап жүргізіледі.

5.14. Тараптар жалақылары нормативтік оқу жүктемесімен белгіленетін оқытушылардың, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, басқа қызметкерлердің тарифтік тізімдері мен оқу жүктемесі, білім беру стандарттары мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сыныптардың (топтардың) белгіленген шегінде толуын ескере отырып құрылады деген шешімге келді. Оқу жүктемесін бөлу үшін жұмыс беруші кәсіподақ ұйымы өкілдерінің қатысуымен тарифтік комиссия құрады. 

5.15. Әлеуметтік әріптестік тараптарына ұжымдық шарттарда жұмыс берушінің бастамасы бойынша күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу жүргізілетін жұмыс түрлерін, жұмыстағы үзілістер саны мен ұзақтығын, сондай-ақ қызметкерлерге осындай жағдайлардағы жұмыс үшін өтемақылық төлем түрлері мен мөлшерлерін анықтау ұсынылсын. Өтемақылық төлемдер бекітілген еңбекақы төлеу қоры шегінде, бірақ БЛЖ-дан 50 % кем болмайтын мөлшерде белгіленеді. 

Жұмыс уақытын бөліктерге бөлгені үшін өтемақы жұмыс уақыттары оқу кестесімен анықталатын қызметкерлерге қолданылмайды. 

5.16. Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушыұйымдастырушылардың (алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушылар) айлық жалақысы,лауазымдық айлықақы және апталық жүктеме бойынша нақты оқу сағатына жалпы негізде есептелген ақыдан құралады.

  1. 17.Жалпы орта білім беру ұйымдары жанындағы мектепке дейінгі дайындық сыныптар тәрбиешісінің жалақысы сыныптағы оқыту сағаттарының санына қарамастан бір сынып үшін бір ставка мөлшерінде аптасына - 24 сағатқаесептеледі.
    1. Мүлікті қорғауды және қызметкерлерге берілген басқа құндылықтарды қамтамасыз ете алмағаны үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалуы мүмкін қызметкерлердің атқаратын немесе орындайтын лауазымдары мен жұмыстарының тізімі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы үлгілік шарт бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
    2. Тараптар, жұмыстың бос тұрып қалуы жағдайында оны ресімдеу тәртібі мен еңбекақы мөлшері еңбек, ұжымдық шарттармен және әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық салалық келісімдермен анықталады және: 
  • жұмыс берушіге және қызметкерге байланысты емес себептер бойынша – орташа жалақыдан елу пайыздан кем емес, бірақ айлық жалықының ең төменмөлшерінен кем болмауы тиіс; 
  • жұмыс берушінің кінәсі бойынша – қызметкердің орташа жалақысынан елу пайыздан кем емес мөлшерде белгіленеді деп келісті.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ТЖ кезінде, жұмыс беруші мен қызметкерге байланысты емес себептер бойынша жұмыстың бос тұрып қалу уақытына жалақы есептеу, ТЖ режимі енгізілгенге дейін белгіленген мөлшерде, бірақ бір тарифтік ставкадан (лауазымдық айлықтан) артық емес және жалақының заңнамамен белгіленген ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде есептеледі.

  1. Үстеме жұмыс үшін (мерзімді еңбекақы кезінде), мереке және демалыс күндері, түнгі уақытқа еңбекақы төлеу жұмыс берушімен қызметкердің күндізгі (сағатық) ставкасына байланысты екі есе мөлшерден кем болмайтын көлемде төленеді. Кесімді еңбекақы кезінде үстеме уақыт жұмысына қосымша ақы жұмыс берушімен қызметкердің белгіленген күндізгі (сағаттық) ставкасынан жүз пайыздан кем емес мөлшерде төленеді. 
  2. Қашықтықтан жүргізілетін еңбекке ақы төлеу еңбек шарты тараптарының келісімімен, бірақ қалыпты жағдайда жұмысты жүзеге асыратын аталған мамандық қызметкерлері үшін белгіленген еңбекақы мөлшерінен кем емес мөлшерде анықталады. 

Уақытша қашықтықтан жұмыс кезінде жалақы еңбек шартымен немесе келісіммен келісілген жұмыс көлемін сақтау кезінде толық мөлшерде төленеді.

  1. Тараптар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсан № 1787-ХІІ Заңына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан запдап шеккен аумақтарда жүмыс жасайтын білім беру ұйымдарының, соның ішіндежоғары оқу орындарының қызметкерлеріне, олардың экологиялық куәліктері болуына қарамастан:
  1. ҚР «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13бабы 1)т.т. белгіленген мөлшерде радиациялық қауіпті аймақтағы жұмысы үшін қосымша ақы;
  2. Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған Заңының 13-бабы 3)т.т.

белгіленген ұзақтықта, жыл сайынғы еңбек демалысымен бірге берілетін қосымша жыл сайынғы ақылы демалыстағайындалады деп келісті.

5.23. Тараптар еңбекақы төлеу мәселелері бойынша құжаттар жобаларын әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссия отырысында міндетті қарай отырып, нормативтік құқықтық актілерді келісіп әзірлеу туралы келісті. 

Тараптар кез келген себептерден, соның ішінде жан басына қаржыландыруды енгізуден туындаған білім саласы қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жағдайын өзгерту, ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын өзгерту әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссия шеңберінде Тараптармен келісіледі деп шешті. 

 

6. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ

Тараптар төмендегі жағдайлар туралы келісімге келді: 

  1. 1.Ұйым қызметкерлерінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №153 бұйрығымен бекітілген педагогтың жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау Ережелерінің талаптарын ескеріп, оларға ұйым Жарғысымен (Ережемен) жүктелген міндеттемелермен, бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша жұмыс берушімен бекітілген ішкі еңбек тәртіптемесінің Ережелерімен, оқу кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сондай-ақ еңбек шартының жағдайларымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарымен және анықталады. 

Педагогтар және ғылыми-педагог қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы (жалақы ставкасына педагогикалық жұмыс сағатының нормасы) аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына негізделіп белгіленеді. 

Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ұйым басшыларына, олардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қолданылмайды. 

Педагогтардың жұмыс уақытына атқаратын лауазымына байланысты: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысы, білім алушылармен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысы, сондай-ақ лауазымдық міндеттемелермен және (немесе) жеке жоспармен көзделген басқа да педагогикалық жұмыс: әдістемелік, даярлық, ұйымдастырушылық, диагностикалық, мониторинг жұмысы, білім алушылармен тәрбие, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және өзге де шаралар жоспарларымен көзделген жұмыс енгізіледі. 

  1. Толық емес жұмыс уақыты – толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы келесі жағдайларда белгіленеді: 

− қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша;

− жүкті әйелдің, 14 жасқа дейінгі баласы бар (18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-ананың біреуінің (қамқоршының, тәрбиешінің, заңды өкілдің), сондай-ақ медициналық ұйғарымға сәйкес қорғаншының науқас мүшесінің күтімін жүзеге асырып отырған тұлғаның өтініші бойынша.

Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бір шектеуге әкеліп соқтырмайды.

  1. Сабақ кестесін құру, сабақтар арасында үзіліс жібермей, педагогтың жұмыс уақытын тиімді пайдалануды ескере отырып жүзеге асырылады. 
  2. Сабақ өткізуден, кезекшіліктен, білім беруді ұйымдастырудың жоспарымен қарастырылған сабақтан тыс іс-шараларға (педагогикалық кеңес отырыстары, ата-аналар жиналысы және т.б.) қатысудан бос сағаттарын педагог өз қалауынша пайдалануға құқылы. 
  3. Ұйым қызметкерлерін еңбек шартында, лауазымдық міндеттемелерде көзделмеген жұмысты орындауға тартуға тек Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасында көзделген тәртіпте қосымша ақы төленетін және қызметкердің жазбаша келісімімен Жұмыс берушінің жазбаша өкімі бойынша жол беріледі. 
  4. Күзгі, қысқы және көктемгі каникул уақыты, сондай-ақ кезекті еңбек демалысымен сәйкес келмейтін жазғы каникул уақыты ұйымның педагогтары мен басқа қызметкерлері үшін жұмыс уақыты болып табылады. 

Осы кезеңдерде педагогтарды жұмыс беруші каникул басталғанға дейін олардың оқу жүктемесінен аспайтын уақыт ішінде педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарға тартады. Каникул кезіндегі жұмыс кестесі, бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша басшының бұйрығымен бекітіледі. 

Кезекті еңбек демалысымен сәйкес келмейтін каникул уақытында педагогтар үшін олардың келісімімен бір ай ішінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленуі мүмкін. 

  1. Каникул уақытында оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персонал, оларға белгіленген жұмыс уақыты шегінде арнайы білімді қажет етпейтін (шағын жөндеу, аумақтағы жұмыс, ұйымды күзету және т.б.) шаруашылық жұмыстарын орындауға тартылады. 
  2. Ақы төленетін еңбек демалыстарын беру кезегі жыл сайын күнтізбелік жыл басталғаннан бастап он күннен кешіктірілмей, бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша ұйым басшысы бекіткен еңбек демалыстарының кестесіне сәйкес анықталады. 

Еңбек демалысының басталу уақыты туралы қызметкер оның басталуына дейін кемінде екі ай бұрын хабарлануы тиіс. 

Еңбек демалыстарының кестесіне өзгерістер енгізілген жағдайда, қызметкер бұл туралы еңбек демалысы басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын хабарлануы тиіс. 

Жазда немесе өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта жыл сайынғы еңбек демалысына басымды құқықтары бар қызметкерлер:

а) кәмелетке толмаған баланы (18 жасқа дейінгі) жалғыз бағып отырған

ата-аналар (қамқоршылар, қорғаншылар);

б) үш және одан да көп балалары бар әйелдер; 

в) еңбектен зақымданған қызметкерлер;

г) емделуге жолдамасы бар кез келген қызметкерлер;

             д)     мүгедек    бала     тәрбиелеп    отырған    ата-аналар    (қамқоршылар,

қорғаншылар).

6.9. Тамыздан бастап қазан айының аралығында жұмысқа қабылданған педагогтарға оқу жылының аяқталуы бойынша алғашқы жұмыс жылы үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкерлердің тиісті санаты үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген ұзақтылықта алдын ала беріледі. 

6.10. Орта, кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар үшін, арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін бес күндік, сонымен қатар қолданыстағы материалдық-техникалық және кадрлық ресурстарға байланысты алты күндік жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.

Бес күндік жұмыс аптасы басқару, әдістемелік және техникалық білім беруді қамтамасыз ету ұйымдары үшін белгіленеді. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы режимімен жұмыс жасайтын ұйымдар үшін демалыс күндері сенбі және жексенбі болып табылады. Білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен жекелеген кәсіп қызметкерлері үшін бес күндік жұмыс аптасы қарастырылуы мүмкін. 

Алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін педагогтарға, (білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларын қоспағанда), сондайақ оқу процесіне қатыспайтын басқа да қызметкерлерге каникул уақытында сенбі және жексенбі – екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

6.11. Тынығу және тамақтану үшін үзіліс уақыты, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс, ауысым кестесін, білім беруді ұйымдастыру жөніндегі педагогтардың кезекшілік кестесі Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен белгіленеді. 

Жұмыс беруші педагогтарға білім алушылармен бірге жұмыс уақытында, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістер ішінде тынығуға және тамақтануға мүмкіндік береді. Басқа қызметкерлер үшін тынығуға және тамақтануға арналған уақыт Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен белгіленеді және ұзақтығы жарты сағаттан кем болмауы тиіс.

6.12. Педагогтардың кезекшілігі сабақтың басталуына дейін 20 минут бұрын басталып және ол аяқталғасын 20 минуттан аспауы қажет. 

6.13. Тараптар жұмыс уақытының жинақталған есебі күзетшілер, тәрбиешілер, режим бойынша кезекшілер, жатақхана бойынша кезекшілер, бу қазандары қондырғыларының операторлары, от жағушылар, тәрбиешілердің көмекшілері, мейірбикелер, дәрігерлер үшін енгізіледі деп келісті. Жұмыс уақытының жинақталған есебіне ауыстыру кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескере отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда есептеу мерзімі тоқсан болып саналады, сонымен қатар ауысым ұзақтылығы, кемінде 12 сағаттық ауысымаралық демалыс беруді ескере отырып, кез келген ұзақтық бола алады.

  1. 14.Қашықтықтан жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленіп, оны бақылау ерекшелігі еңбек шартында немесе еңбек тәртіптемесінің ережелерінде анықталады. 

Егер жұмысты орындау жұмыс берушімен нақты уақытпен тіркелмеген жағдайда, жұмыс уақыты еңбек шартымен белгіленген жұмыс көлемін орындау ретінде жұмыс уақытын есепке алу құжатында белгіленеді. 

Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартымен белгіленген жұмыс уақыты шегінде қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкермен жұмысты орындаудың нақты уақытын көздейтін өзара іс-әрекет тәртібін белгілейді. 

Өзара іс-әрекет тәртібінде қызметкердің жұмыс берушінің қоңырауына, электрондық хаттарға және сұраныстарына қызметкер жұмысты орындаумен байланысты жұмыс берушінің сұраныстарына жауап беруге міндетті мерзімдегі міндеті көзделген. Қызметкер өзара іс-әрекет тәртібімен белгіленген уақыттан тыс жүзеге асырылатын жұмыс берушінің сұраныстарына жауап беруге міндетті емес. 

6.15. Тараптар келесі қызметкерлерге ақылы еңбек демалыстарына 3 күн қосуды келісті:

                −       медициналық қызметкерлер;

                −       кітапханашылар;

− аудандық, қалалық (мектеп) әдістемелік бірлестіктерінің; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің басшылары; − бас бухгалтерлер; бухгалтерлер.

 

  1. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ

ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ 

7.1.Жұмыс берушілер:

7.1.1. Барлық қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру.

7.1.2. Өз қаражаты есебінен білім беру ұйымының педагогтарының бес жылда бір рет біліктіліктерін арттыру.

7.1.3. Қызметкерлердің босатылуы және бір мезгілде жұмыс орындарын құру жағдайында босатылған қызметкерлерді жаңа жұмыс орындарына орналастыру үшін озықтық оқытуды жүзеге асыру. 

7.1.4. Қызметкерді біліктілігін арттыру үшін оқуға жіберу кезінде оның жұмыс орнын (лауазымын), жұмыс орны бойынша жалақысын сақтауға және егер қызметкер біліктілігін арттыру үшін басқа жаққа жіберілетін болса, онда оған қызметтік іссапарларға жіберілетін тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіп пен мөлшерде іссапар шығындарын (тәуліктік, оқитын жерге және кері қарай қайту жол ақысы, тұрғын үй жалдау шығындары) төлеу.

  1. 2.Кәсіподақ өзіне кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселесінде Жұмыс берушілерге жәрдемдесу міндетін алады.
  2. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖҰМЫСТАН БОСАТУ ЖӘНЕ

ОЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ 

  1. Тараптар өздеріне кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру, қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне жәрдемдесуге міндеттемелер қабылдайды. 
  2. Тараптар: 
    1. Жұмыс берушілердің бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттеріне қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуы туралы ол басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын, ал жаппай босатуға (бір ай ішінде 10 адамнан астам) әкеліп соғатын жағдайларда ол басталғанға дейін бір жарым ай бұрын, білім беру ұйымдарын тарату жағдайында кемінде екі ай бұрын жазбаша хабарлауды қамтамасыз етуге;  
    2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-т. 1) т. және 2) т. бойынша (штатты немесе штат санын қысқарту, ұйымды тарату) жұмыстан босату туралы ескерту алған қызметкерлерге жалақысын сақтай отырып, жаңа жұмысты өзі іздеу үшін аптасына кемінде бес сағат жұмыстан бос уақыт беруге келісті. 
    3. Қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруы кезінде жұмыста қалуға: 

                −       зейнеталды жасындағы қызметкерлердің (зейнетке дейін 3 жыл);

                −                 аталған ұйымда 10 жыл және одан артық жұмыс істеген

қызметкерлердің;

                −       көп балалы ата-аналар (төрт және одан да көп);

− еңбекте жоғары сапалық көрсеткіштері бар қызметкерлердің басымды құқықтары бар. 

  1. Жұмыстан босатылатын қызметкерлерге олардың саны немесе штаттың қысқаруы кезінде, қолданыстағы заңнамада көзделген кепілдіктер мен өтемақылар беріледі.
  2. Ұйымда жаңа жұмыс орны, соның ішінде белгіленген мерзімге пайда болған кезде жұмыс беруші бұрын ұйымнан қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылған, адал еңбек атқарған қызметкердің жұмысқа қабылдануға басымдылығын қамтамасыз етеді.
  3. Жұмыс орындарын (лауазымдарын) қысқарту қажеттілігі кезінде, ең алдымен төменде көрсетілген тәртіпте мынадай шаралар қабылданады: 

− бос жұмыс орындарын тарату, лауазымдарды қоса атқарып жүргендерді жұмыстан шығару;

                −       кәсіптер мен лауазымдарды қоса атқаруды шектеу;

− босатылатын қызметкерлерді олардың біліктіліктеріне сәйкес келетін бос жұмыс орындарына ішкі ауыстыруларды жүргізу. 

               

  1. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР

Тараптар:

  1. Жергілікті өкілетті билік органдарының ауылдық жерлерде тұратын білім беру ұйымдарының педагог және медициналық қызметкерлеріне отынға және коммуналдық қызмет шығындарының өтемақыларын міндетті және бірыңғай мөлшерде тағайындауларына қол жеткізуге; 
  2. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз етуге келісті. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленген мұғалімдердің, оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтарының, тәрбиешілердің, басқа педагогтарға сауықтыру жәрдемақыларының мөлшері еңбек демалысын беру күніне олардың нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Лауазымды қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негіздемеде тағайындалып, төленеді (негізгі лауазымымен қатар, қоса атқару жағдайындағы жұмысы бойынша да). 
  3. Жұмыс берушілер қызметкерлерге ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен төмендегідей кепілдіктер мен жәрдемақыларды тағайындайды:

− мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді орындау кезінде; 

− медициналық тексеруге жіберу кезінде;

− қызметтік іссапарларға жіберу кезінде;

− донор болып табылатын қызметкерлер үшін; 

− жұмысынан айырылған жағдайда; 

− заңнамада көзделген басқа да жағдайларда. 

  1. Зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-т. 24) т. көзделген негіздеме бойынша қызметкерді жұмыстан шығару кезінде еңбек, ұжымдық шарттармен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен анықталған мөлшерде, бірақ лауазымдық айлықтан (тарифтік ставка) кем емес мөлшерде өтемақылық төлем төлеу.
  2. Жұмыс берушілер қызметкерлерді білім беру ұйымдарының кітапхана қорымен қызметтік мақсатта тегін қамтамасыз етеді.
  3. Жұмыс берушілер азаматтық қызметшілерді және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерін лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты өте сапалы орындағаны, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі, жұмыстағы жетістіктері үшін ведомстволық наградалармен марапаттайды.
  4. Педагогтардың балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан орындарды жергілікті атқарушы органдар бірінші кезектегі тәртіппен береді.
  1. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ  Жұмыс берушілер:
  1. 1.Қызметкерлердің таза және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын, өндірістік жарақат пен қызметкерлердің кәсіби ауруларының пайда болуының алдын алатын, еңбек қауіпсіздігінің заманауи құралдарын енгізуді қамтамасыз етуге; 
    1. Барлық жұмысқа қабылданатын, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлермен еңбекті қорғау, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөнінде оқыту мен нұсқамалық жүргізуді ұйымдастыруға; 

Оқу жылының басында қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;

  1. Білім беру ұйымының есебінен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік және анықтамалық материалдардың, ережелердің, нұсқаулықтардың, нұсқамалық журналдары мен басқа да материалдардың болуын қамтамасыз етуге;
  2. Қызметкерлерді салалық аймақтық келісімдермен және ұжымдық шарттармен анықталған кәсіптер мен лауазымдар тізбесіне сәйкес арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге; 
  3. Жеке қорғау құралдарын, арнайы киімді және аяқ киімді жұмыс берушінің есебінен сатып алуды, сақтауды, жууды, кептіруді,

зарарсыздандыруды және жөндеуді қамтамасыз етуге; 

  1. Қызметкерлердің кінәсінен болмаған еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан еңбек заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының жұмысын тоқтату кезінде, қызметкерлердің жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтауға;
  2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғалардың уақытында тескерілуін және оларды тіркеуді жүргізуге; 
  3. Жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарын орындамауы салдарынан, қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі кезінде оның жұмыстан бас тарту жағдайында қызметкерге ондай қауіпсіздікті жою уақытына басқа жұмысты ұсынуға немесе осы себептен бос тұрып қалған уақытына орташа жалақы мөлшерінде төлеуге;
  4. Бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша әрбір жұмыс орнына еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулық әзірлеуге және бекітуге; 
  5. Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөнінде талаптарды, ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етуге;
  1. 11.Өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болған қызметкерлерді жерлеуге, еңбек міндеттерін орындауы кезінде асыраушысынан айырылған жағдайда залалдың орнын толықтыруға құқылы тұлғаларға қажетті көмек көрсетуге;
    1. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен бірге еңбекті қорғау жөніндегі келісімдердің орындалуына, еңбекті қорғау және еңбек жағдайына бақылауды жүзеге асыруға;
    2. Техникалық инспекция өкілдеріне, Кәсіподақтың техникалық инспекторларына, еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік комиссия мүшелеріне еңбекті қорғау жағдайына бақылау жүргізуге жәрдемдесуге.  Қызметкерлердің таза және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарының бұзылуын анықтаған жағдайда, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға. Өз қаражаты есебінен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды оқытуды қамтамасыз етуге; 
    3. Қызметкерлердің жұмыс орындары (лауазымдарын) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, тегінміндетті алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтулерін қамтамасыз етуге;
    4. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен білім беру ұйымы қызметкерлерінің қатарынан декреттелген топ тұлғаларын гигиеналық оқытуды жүзеге асыруға; 
    5. Қызметкерлерді нормаларға және салалық аймақтық келісімдермен, ұжымдық шарттармен белгіленген келісілген тізбесіне сәйкес тегін сабынмен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етуге;
    6. Сала ұйымдары қызметкерлерінің демалысы үшін бөлмелер жабдықтауға міндетті. 

10.7.1. Ақыл-ой шаршағандығын жеңілдету, күш-жігерді қалпына қайта келтіру, жұмыс жасау қабілеттілігін арттыру, денсаулықты сақтау және нығайту үшін атқарылатын жұмыс түрінің, жағдайының және жұмыскердің жынысына қарай дене жаттығулар кешенін әзірлеп жасау. 

Дене жаттығулары жасалатын бөлмені таза қалыпта ұстау қажет. Жаттығу жасайтын әрбір адам үшін бөлменің кемінде 1,5 м2  қауіпсіз бос жері қажет.

Кәсіподақ:

  1. Кәсіподақ мүшелері мен басқа қызметкерлер үшін дене шынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыруға;
  2. Кәсіподақ мүшелері –қызметкерлердімен,қызметкерлердің балаларымен, сауықтыру жөнінде жұмыс жүргізуге міндетті. 
  1. 20.Қашықтықтан жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау жөніндегі талаптарды қадағалау тәртібі жұмыс берушінің актісімен анықталады. 

 КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ

11.1. Кәсіподақтың және оның сайланбалы кәсіподақ органдарына сәйкес келетін құрылымдық ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктері, «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен, Кәсіподақ Жарғысымен анықталады және кәсіподақтар, жұмыс берушілер бірлестіктері мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Бас келісімнің, осы Салалық келісімнің ережелерін ескере отырып анықталады.

Тараптар төмендегі жағдайларға келісті:

  1. 2.Кез келген қызметкерге қатысты оның кәсіподақтағы немесе кәсіподақ қызметіндегі мүшелігіне байланысты заңмен кепілденген әлеуметтікеңбек және басқа да құқықтары мен еркіндіктерін шектеуге, мәжбүрлеуге, жұмыстан шығаруға және ықпал етудің басқа да түрлеріне жол берілмейді. 
    1. Тараптар, жұмыс берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің міндеттеріне назар аударады:
      1. Кәсіподақ ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктерін қадағалау, кәсіподақ қызметінің заңмен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін шектеуге жол бермей, сала кәсіпорындары мен мекемелерінде кәсіподақ ұйымдарын құруға және оның қызмет атқаруына кедергі келтірмей, олардың қызметіне мүмкіндік жасау.
      2. Мүмкіндігінше, сайланбалы кәсіподақ органын, қызметкерлердің санына қарамастан, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін, жылумен және жарықпен, қондырғылармен жабдықталған, сайланбалы кәсіподақ органының өзіне және қызметкерлердің жиналыстарын өткізуге қажетті тегін үй-жаймен (кемінде бір үй-жай), сондай-ақ оргтехникамен, байланыс құралдарымен (соның ішінде компьютерлік құралдар, электрондық пошта және Интернет) және қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету; бөлінген үйжайды күзетуді және тазартуды қамтамасыз ету, қолда бар көлік құралдарын өтеусіз пайдалануға беру және сайланбалы кәсіподақ органының қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да жағдайлар жасау. 
      3. Сайланбалы кәсіподақ органдарының өкілдеріне жарғы міндеттерін және заңнамада көзделген құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіподақ мүшелері жұмыс істейтін ұйымдарға баруға кедергі келтірмеу.
      4. Кәсіподақ органдарына олардың сұратуы бойынша еңбек жағдайларының, жалақының, тұрғын үй-тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмыстары, қызметкерлердің күнкөріс жағдайлары және басқа әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша ақпараттар, мәліметтер және түсіндірмелер беру. 

11.3.5.Кәсіподақ мүшелері – қызметкерлердің жыл сайынғы жазбаша арыздары негізінде мүшелік кәсіподақ жарналарының кәсіподақтың есептік шотына тегін аударылуын қамтамасыз ету. Қаражаттарды аудару толық көлемде және жалақыны, шәкіртақыны төлеумен қатар жүзеге асырылады. 

11.3.6. Білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау жөнінде кәсіподақтың қызметі туралы қызметкерлерді кең ақпараттандыру үшін салалық және жергілікті ақпараттандыру жүйесін қолдануда кәсіподақ органдарына жәрдемдесу.

  1. Тараптар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған (өкілеттік берілген) және негізгі жұмыс орындарынан босатылмаған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды, оның ішінде: 
    1. Кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлер, өздері мүше болып табылатын сайланбалы кәсіподақ органының дәлелді пікірін алмай, кәсіподақ органдарының басшылары – жоғарғы кәсіподақ органының дәлелді пікірін алдын ала алмай, тәртіптік жазаға тартыла алмайды. 

Жұмыс берушінің бастамасымен көрсетілген кәсіподақ қызметкерлерінің басқа жұмысқа ауысуы өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз, комитет төрағаларының – жоғарғы кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз жүзеге асырылмайды. 

  1. Жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға, сондай-ақ кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердің (қызметкердің кінәсінен болмаған оқу жүктемесі көлемінің немесе басқа жұмыс көлемінің өзгеруіне байланысты еңбекке ақы төлеудің мөлшерін азайту, белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, басқа да ынталандыру және көтерме төлемдерді және т.б. алып тастау) еңбек шарттарының маңызды жағдайларын өзгертуге, жұмыстан шығарудың жалпы тәртібін қадағалаудан басқа, өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының тек дәлелді пікірлері болғанда, ал кәсіподақ органы басшыларын (олардың орынбасарларын) босатуға – жоғарғы кәсіподақ органының дәлелді пікірлері болған жағдайда ғана жол беріледі; 
  2. Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері, еңбекті қорғау жөніндегі кәсіподақтың техникалық инспекторлары білім беру ұйымдарында жұмыс берушілерімен бірге құрылатын өндірістік кеңестердегі, комиссиялардағы және басқа да құрылымдардағы кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, қажет болған жағдайда қызметкерлер ұжымының мүддесіне қоғамдық міндеттемелерді орындау үшін және қысқа мерзімді кәсіподақ оқуы кезінде орташа жалақысын сақтай отырып, негізгі жұмысынан босатылады. 
  3. Білім беру ұйымдарындағы негізгі жұмыстарынан босатылмаған сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері одан съезд, конференция, пленумдар, төралқалар, жиналыстар, семинарлар және кәсіподақпен шақырылатын басқа да іс-шараларға қатысу уақытына, форумдардың жұмысына қатысу үшін қажетті уақытқа босатылады. 
  4. Тараптар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған (өкілеттік берілген), босатылған қызметкерлердің келесі кепілдіктерін мойындайды: 
    1. Босатылған кәсіподақ қызметкерлерінің және кәсіподақ органының штаттық қызметкерлерінің білім беру ұйымының қолданысындағы әлеуметтікеңбек құқықтары, кепілдіктері мен жеңілдіктері ұжымдық шартқа, барлық деңгейлердегі келісімдерге сәйкес сақталады. 
  5. Кәсіподақ ұйымы төрағасының сайланбалы лауазымындағы және сайланбалы кәсіподақ органының құрамындағы жұмыс білім беру ұйымының қызметі үшін маңызды болып табылады және қызметкерлерді көтермелеу кезінде, оларды аттестаттау, басқарушы лауазымдарының орнына отыруға конкурстық іріктеу кезінде назарға алынады. 
  6. Кәсіподақ органдарының құрамына сайланған тұлғаларды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға, ұйымды толық тарату немесе қызметкер кінәлі іс-әрекет жасап, заңмен жұмыстан шығаруды қарастыратын жағдайларды қоспағанда, сайланбалы өкілеттік аяқталғаннан кейін екі жыл ішінде жол берілмейді. Мұндай жағдайларда жұмыстан шығару тиісті кәсіподақ органының келісімімен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
  7. Тараптар сайланбалы кәсіподақ қызметкерлеріне құрмет атақтарын беру және ведомстволық ерекшелік белгілерімен марапаттау туралы шешімді бірлесіп қабылдай алады. 

Кәсіподақ марапаттары мен наградалары қызметкерлерді аттестаттау кезінде назарға алынады.

  1. 9.Министрлік жұмыс берушінің өкілдерін, кәсіподақ ұйымдары мен олардың органдарының өздерінің жарғылық міндеттерін жүзеге асыруды қиындататын практикалық қызметіне араласуға жол бермеу жөнінде қажетті шараларды қабылдайды. 
    1. Министрлік пен Жұмыс берушілер Кәсіподаққа еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда жәрдемдеседі. Кәсіподақ пен оның аумақтық ұйымдары өз мамандарының күшімен, білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек заңнамасының сақталуы бойынша күнтізбелік жылда кемінде екі рет жоспарлық бақылаулар жүргізуге құқылы. Аталған шектеу сала қызметкерлерінің арыздары мен шағымдары бойынша, басқа жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексерулерге қолданылмайды. 

Бақылау нәтижелері бойынша Кәсіподақ анықталған құқық бұзушылықтарды жою және қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі тиісті актілер мен ұсыныстарды білім және ғылым ұйымдарының басшыларына жібереді.  

Бақылауларды жүргізу тәртібі, тексерулердің нысаны мен түрлері Кәсіподақтың тиісті актісімен анықталады. 

Бақылауларды жүргізу кезінде жұмыс берушілер бақылау мәні бойынша құжаттарды, соның ішінде: бұйрықтарды, тарифтеу тізімдерін, нұсқауларды, қағидаларды және т.б. көрсетуге міндетті.

  1. Кәсіподақ комитеттерінің мүшелері тарифтеу, қызметкерлерді аттестаттау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбекті қорғау жөніндегі және басқа комиссиялардың құрамына қосылады.  
  1. КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС

12.1. Осы Келісімнің Тараптары:

 Кәсіптік деңгейді арттыруды және педагогтардың біліктіліктерін үздіксіз арттыруды қамтамасыз ететін және тиімді механизмді құруға ықпал

етуге;

  1. Педагогтардың кәсіптік даярлығына және олардың жаңа құзыреттерді, соның ішінде білім сапасын арттыру мен білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін оқу процесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруге жәрдемдесуге; 
  2. Педагогтардың педагогикалық қызмет бейіні бойынша қосымша кәсіптік білімге құқығын іске асыруға ықпал етуге; 
  3. Педагогтарға қажетті еңбек жағдайларын жасауға және жұмыс орнын, соның ішінде заманауи оргтехникамен, заманауи талаптар деңгейінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтауға жәрдемдесуге;
  4. Педагогтарды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізудің нақты мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, тартылған мамандар мен қызметкерлер қатарынан сарапшылар жұмысын қамтамасыз етуге; аттестаттау рәсімдерін өткізудің бюджеттік қамтамасыз етілуін, соның ішінде бір қызметкерді аттестаттауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру нормативтерін белгілеуді қарастыруға;
  5. Қызметкерлерді еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыруды қамтамасыз етуді есепке ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қорларын қалыптастыруды қамтамасыз етуге; 
  6. Үздік мұғалімдер мен білім беру ұйымдарын қолдау жөнінде өңірлік деңгейде қосымша шараларды қаржыландыруды сақтауға жәрдемдесуге, өңірде үздік деп танылған педагогтар мен педагогикалық ұжымдарды ынталандыруға ықпал етуге; 
  7. Жағымды имиджді қалыптастыру және педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыруды қамтамасыз етуге:

− «ЖОО үздік оқытушысы», «Үздік педагог», «Үздік білім беру ұйымы» республикалық конкурстары және басқалары; 

− педагогтың кәсіби даму мәселелерін қоғамдық-кәсіптік талқылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар: семинарлар мен ашық пікірталастар, форумдар, дөңгелек үстелдер өткізу; 

− педагогтардың жағымды имиджін қалыптастыру жөніндегі шаралар: кәсіптік қызмет міндеттері мен жағдайларын көрсететін жұмыстар экспозициялары, көрмелері; 

− педагогтың жағымды имиджін қалыптастыру және тарату үшін жас педагогтар, шығармашылық жұмыс жасайтын педагогтар, ғалымдар кеңесінің, педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің қауымдастығымен бірлескен жұмыс жүргізуге.

12.1.9. Кәсіподақ ұйымдарының қызметін насихаттау, білім беру қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін арттыру үшін Кәсіподақтың аумақтық және республикалық ұйымдары жанындағы штаттан тыс тілшілердің жұмысын ұйымдастыруға;

12.1.10. Педагог кадрларға қажеттіліктің, педагогикалық кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастырудың жыл сайынғы мониторингісін өткізуге келісті.

12.2. Тараптар білім және ғылым ұйымдарындағы жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі бірлескен қызметтің басым бағыттары ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңында көзделген жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету деп санайды.

13. КЕЛІСІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ. 

ТАРАПТАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 

Тараптар келісті:

 13.1. Кәсіподақ келісімге қол қойған күннен бастап 10 күн ішінде оны еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тіркеуге жібереді.

13.2. Жыл сайын бірлесіп нақты мерзімдер мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып, Келісімді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітеді.

13.3. Келісімді және оның ережелерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға бақылау жүргізеді және бақылау нәтижелері туралы еңбек ұжымы өкілдерінің конференциясында жылына бір рет, есептік жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей есеп береді. 

13.4. Келісімнің қолданылу мерзімінде туындаған, оның орындалуымен байланысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды апталық мерзімде қарайды. 

13.5. Келісім міндеттемелерін бұзған немесе орындамаған жағдайда кінәлі тарап немесе кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте жауапқа тартылады. 

13.6. Осы келісім уәкілетті мемлекеттік орган оны тіркеген кезден бастап 2021-2023 жылдар ішінде әрекет етеді. 

13.7. Переговоры по новому соглашению начнутся за 2 месяца до истечения срока действия этого соглашения. 

 

 

 

Просмотров: 788


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст