«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Олқылықтарды жою және білімдерін толықтыру.

27.01.2021

Бөлімі: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениеті.

Тақырыбы: «Әлемді шарлау» туралы әлемдік әңгіме.

Оқушылар Алдаганов Мурцал, Гарипов Даниил, Сигаури Гирихан, Шафранский Олег, Савенков Яков сабаққа қатысты.

Мақсаты: Қазақ тілі пәнінен оқушының сабақ үлгерімін жақсартуға, коллеграфиясын түзетуге жағдай жасау. Оқушының пән бойынша жеке тұлғалық мүмкіндектерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білім сапасын арттыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушының қабылдау деңгейіне қарай белгілі бір дәрежеде сауаты ашылады, тіл байлығы дамиды, сөздік қоры көбееді, сауатты жазу дағдысы қалыптасады.

Сабақ барысында қолданылатын технология: Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы.

Әдіс-тәсілдер: Өзге тілді оқытуда бірден - бір тиімді әдіс – коммуникативтік әдіс деп ойлаймын. Коммуникативтік әдіс оқушылардың ауызекі сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын, сұрақ - жауап жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады, тілді дамытады. Бұл әдістің ішінде ерекше орын алатыны – диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Тақырыпты тереңірек игертуде қосымша «Т-кестесін» қолдануға болады. Бұл интербелсенді тәсіл – бір-біріне қарама-қарсы немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.

Сөйлеу іскерлігінің коммуникативтік бағыттары: оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу.

Сабақта тілдік қарым - қатынас жағдайын ұйымдастырмай тұрып, мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету мүмкін емес.

Өзіндік жұмыстың пайдасы көп. Оқушыларға жеңілдетілген карточкалар, семантикалық карталар, қызықты тапсырмалар беріп, көбірік сөзге, іске тартып, белсенділігін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін жетілдіру, дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Сондықтан әрбір сабақта оқушылардың ой - өрісін дамытатын әр түрлі жаттығулар орындатылады.

Просмотров: 951


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст