Бүгін Қазақстан Республикасы Күні мерекесі қарсаңында біздің мектепте " Қыран елім Қазақстан!" іс шара өтті.
Мақсаты: өз Отанына деген патриоттық сезімді және болашақ алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Тарих алдында әрбір азаматтың жауапкершілігін қалыптастыру. Іс-шараға біздің мектептің барлық оқушылары қатысты. Үздік оқушылар грамоталармен марапатталды.
Мереке кезінде: патриоттық әндер орындалды, балалар өз еліне арналған өлеңдер оқыды.
Мұндай іс-шараларды жас ұрпақ арасында өткізу өте маңызды. Өйткені, бұл патриотизм сезімін оятуға және өз елінің тарихы туралы көбірек білуге көмектеседі.
Мекенбаева К.К