Бүгін 9 «Б» сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау» кәсіптік бағдар беру сағаты өтті. Қызықты ойын түрінде балалар мамандық таңдауға әсер ететін факторлар туралы білді, мамандықтардың типологиясымен және әртүрлі сипаттамаларымен танысты, осы тақырып бойынша кейбір кеңестер мен ұсыныстар алды. Кішкентай тест балаларға қандай мамандық түріне бейім екенін және қандай қызмет түріне қарсы екенін білуге көмектесті. «Мамандықтарды кім жақсы біледі?», «Тағдырдың қолы», «Ең көп» атты конкурстар болды.
Іс - шара соңында мамандық таңдау өмірлік маңызды мәселе, ал қалаған жұмыс қуаныш әкелуі керек деген қорытындыға келді.
Жумашова А.М.