"Оқу және саяхаттау"
Бүгін бітіруші сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. "Есіл" университетінің өкілдері оқушыларды білім беру бағдарламаларымен және оқуға түсу шарттарымен, сондай-ақ оқытудың барлық сатыларында ағылшын тілді бағдарламаларға қабылдау ашық екендігімен таныстырды. ЖОО студенттері университет серіктес ЖОО-мен бірлесіп қос дипломды білім беру және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыратынын оқушыларға жеткізді. Оқу орнының өкілдері түлектерге музыкалық, шығармашылық бағдарлама дайындады.
Красникова О.В.