«Балалар әдебиеті — рухани тәрбиенің бастауы» жобасы аясында, Ұлттық кітап күніне орай, онкүндіктің сегізінші күні квест күні болып жарияланды. Бүгін үшінші сынып оқушылары арасында «Ғажайыптар мекендейтін жерде!» атты әдеби квест өтті. Ойынға «Всезнайки» және «Юные читатели» командалары қатысты.
Квест — бұл тапсырмаларға, сынақтарға және ізденіске толы қызықты саяхат. Оқушылар барлық кезеңдерден сәтті өтті: жұмбақтарды шешіп, басқатырғыштарды орындап, келесі бекеттерден өтті: «Табыс даңғылы», «Пантомима бульвары», «Кейіпкерлер өткелі», «Жұмбақтар алаңы», «Басқатырғыштар паркі» және «Сиқырлы ертегілер саябағы».
Ойын басталар алдында балалар «Ертегілер әлемінде» атты бейнероликті көріп, өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске түсірді. Квест соңында қатысушылар негізгі сөзді — «Ғажайыптар» сөзін тапты.
Іс-шараның мақсаты — кітапты білімнің қайнар көзі ретінде насихаттау, алған білімді ойын арқылы қолдану дағдыларын дамыту және оқуға деген қызығушылықты тәрбиелеу. Квест жарқын, қызықты өтіп, балаларға
көп жағымды эмоция сыйлады.
Суфтина Т. А.