Бүгін 8-9 сыныптарда сынып сағаты өтті. Балалар жанжалдың не екенін талқылады, жанжалдарды шешудің көптеген жолдарын ұсынды. Оқушылар өмірден алған тәжірибелері туралы айтып, бір-біріне кеңестер берді. Сынып сағатының соңында балалар екі дос туралы астарлы әңгімені оқып, негізгі ойды атап өтті: “Біреу бізді ренжіткен кезде, біз оны құмға жазуымыз керек, сонда жел оны өшіре алады. Бірақ кез келген адам жақсы нәрсе жасағанда, біз оны ешбір жел өшіре алмайтындай етіп тасқа ойып алуымыз керек. Оқушылар конфликтаға келу немесе ынтымақтастық арқылы қақтығыстардан шығудың жолын іздеу керек, “Құмға реніш жазуды және қуанышты тасқа ойып жазуды” үйрену керек, содан кейін барлығына оңай және жеңіл болады деген қорытындыға келді.
Волкова А.К.