«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы

01.06.2020

Біздің елімізде инклюзивті білім беру туралы осы ғасырдың бірінші онжылдығының аяғында сөз қозғала бастады. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әдеттегі мектептің білім беру процесіне белсенді түрде қосылуы мен қатысуын ғана емес, сонымен қатар көп жағдайда барлық балалардың білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ету жүйесі ретінде жаппай білім беру процесін қайта құруды көздейді. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру педагог тұлғасының кәсіби қалыптасу процесінде де, үздіксіз кәсіби дайындық процесінде де жүреді. Бұл үшін инклюзивті білім беру жағдайында педагогты жұмысқа дайындауға бағытталған түрлі курстар, семинарлар өткізіледі. Онлайн-форматта бізге «Мектептегі оқыту стандарттарын іске асыру контекстінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен дамуы» тақырыбы бойынша жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарынан өттік. Курс ұйымдастырушысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы болып табылады. Курс жетекшісі «Өрлеу» БАҰО аға оқытушысы Кусаинова Айжан Исаевна қызықты теориялық және практикалық материал дайындады. Аталған курс бағдарламасы педагогтарды инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы арнайы бағдарламалармен, талаптармен таныстыруды көздейді. Танымдық және қызықты материалдарды лектор Турдахунова Күляйхан Катебаевна және Рсалдинова Акмарал Кусаиновна ұсынды. Онлайн-оқытуға қатысу бізге ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен нақты жұмыс тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді. Аталған курстар-ҚББ балалармен жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын тәжірибеде меңгеруге мүмкіндік беретін бірегей тәжірибе.

 Тухель М.Н., Каралькевич О.А.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.06.2020 16:08
Құрылған күні: 15.10.2022 18:11

Текст