2021, 2022 жылдарға арналған есеп

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы "2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, онда қызмет көрсетудің тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылады.  Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
              2022 жылы Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебіне барлығы 83 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0, электрондық нұсқада - 38, қағаз нұсқада – 45.
2021 жылы барлығы__126 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 4, электрондық нұсқада - 87, қағаз нұсқада – 35.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
* Бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
* Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
         Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.  
         2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.