Бүгін "Шекарасыз ұрпақ, БҰҰБҚ" жобасы аясында 9-сынып оқушылары үшін "жұмысқа орналасу туралы"өзекті мәселе бойынша ZOOM-да онлайн-форматта кәсіптік бағдарлау сабағы өтті. Бұл сабақта еріктілер Надина Ерсаинова мен Искакова Айжан оқушыларды болашақта жұмысқа орналастырудың барлық кезеңдеріне: дұрыс түйіндеме жасау, жұмыс берушілермен әңгімелесуде өзін-өзі ұстау ережелері, еңбек шартын рәсімдеу және дұрыс жасалған уәждемелік хаттың ерекше маңыздылығына кезең-кезеңімен тоқталды. Еріктілер бұл мәселелерді ашық, түсінікті түрде ашты. Оқушылармен қызықты диалог өтті, ерекше белсенділік танытқандар : Кныш Роман, Анодина Ангелина, Шон Альтаир, Глазунов Сергей ... бұл сабақтың негізгі бағыты- " Әр адам біздің әлемге пайдалы!». Бұл сабақта оқушылардың болашақ өмірінде пайдасын тигізетін ақпараттар үшін еріктілерге алғысымызды білдіре отырып, сабақ жақсы нотада аяқталды.
Мұғалім Амелина С. В.