Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке-25 қазанда атап өтілетін Республика күні. 1990 жылдың осы күні Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Мектеп кітапханасында осы мерекеге арналған көрме дайындалды. Көрмеде ұсынылған кітаптар әр жастағы оқушыларға өз Отаны туралы көбірек білуге, Қазақстан тарихын, өз өлкесін зерттеуге көмектеседі. Сондай-ақ, журналдар мен газеттерді көруге, оқуға болады. Бесінші сынып оқушылары үшін кітап көрмесіне шолу жасалды, оның барысында оқушылар кітаптармен танысып, достық пен келісімімізді бірге сақтап, нығайту, өз елімізді мақтан тұту, Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істеу және оқу керек деген қорытындыға келді. Біздің елімізде әрқашан бейбітшілік пен келісім орнасын.
Мектеп кітапханашысы Суфтина Т.А.