Бүгін 9,11 сынып оқушыларымен "Мамандарттар әлемі" кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Өткізілетін кездесудің мақсаты-оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Балалар алдында ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің , Атбасар қаласының аграрлық - индустриялық колледжінің өкілдері сөз сөйледі.
Балаларға 9,11 сынып базасында қандай мамандар даярлайтыны және қандай мамандықтар бойынша білім алатыны туралы ақпарат берілді, сондай-ақ оқыту мерзімдері мен нысандары, оқыту шарттары айтылатын бағдарлама ұсынылды. Көкшетау және Қарағанды қалаларының оқу орындарында "Жас қызметшілер мектебі", "Жас заңгердің құқықтық мектебі"ашылды. Бұл мектептерде оқыту келесі артықшылықтарды береді: 100% одан әрі жұмысқа орналасуға кепілдік, жас мамандарды жаңа жұмыс орнына бейімдеу, мансаптық өсуді арттыру.
Бұл оқу орындарының барлық есіктері өзіне сенімді, өз қабілеттеріне сенімді және алға қойған мақсатына табандылықпен ұмтылатындар үшін ашық.
Красникова О. В.