"Қазақстан-достық пен татулық мекені"
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Жумашова А. М. 8 "А" сынып оқушыларымен "Қазақстан - достық пен татулық мекені" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді . Сабақ барысында оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері, соның ішінде топтық жұмыс, сұрақ-жауап, презентация әдістері, ойын технологиялары қолданылды. Сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігі, сұрақтарға жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы қойылған мақсатқа жетудің дәлелі болды.
Таскунбаева А.