«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атамекен-әкелер елі

19.03.2025

Адам тарихпен өмір сүреді. Тарихты білу бізге тәжірибе үшін қажет, ол бізге ата-бабалардың дана дауысына назар аудара отырып, жылдар бойы, ғасырлар бойы ұлы нәрсені үйренуге мүмкіндік береді. Туған өлкенің тарихы белгілі болуы керек. Өйткені, өткенсіз болашақ жоқ. “Наурыз” мерекесі қарсаңында, “Наурызама” онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні ретінде атап өтілетін 16 наурыз күні мектеп кітапханасында “Атамекен-әкелер елі” атты іс-шара өткізілді.
Іс – шара барысында төртінші сынып оқушылары қаламыздың тумасы жазушы Сейтжан Омаровтың өмірбаянымен танысты. “Ақымақ Арыстан” ертегісін тыңдап, оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ертегінің иллюстрацияларын қарастырды. Кітапханашы жиналған материалдар қорда ұқыпты сақталатынын атап өтіп, кітап көрмесіне шолу жасады.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың назарын біздің өлкеміздің тарихын зерттеуге аудару, жазушымен және әдеби шығармамен танысу.

Суфтина Т. А.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 19.03.2025 11:51
Құрылған күні: 19.03.2025 11:58

Текст