«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Рухани жаңғыру"

24.11.2021

"Рухани жаңғыру" мектептің білім беру – тәрбиелік ортасы арқылы.
Мектеп жасындағы балаларды патриоттыққа тәрбиелеу-бұл баланың Отан туралы білімін байыту, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, адамгершілік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жалпы пайдаға қызмет қажеттілігін дамыту мақсатында баланың жеке басына педагогикалық ықпал етудің мақсатты процесі.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімізде бірқатар іс-шаралар өткізіледі :1 қыркүйекте "Мен өз Отанымның патриотымын" сынып сағаты, 7 қыркүйекте "Қазақ тілі – мемлекеттік тіл" сынып сағаты, "Тоғыз құмалақ"ұлттық ойындары,18 қыркүйекте "Бірге таза Қазақстан" акциясына қатысты , 28 қыркүйекте "Тәуелсіздік игілігі" тарих пәнінен ашық сабақ (тарих мұғалімі Ш. Е. Бекмағанбетова),11 қазанда "Қазақстан – бір ұлт, бір ел", 12 қазан күні "сен өз Қазақстаныңды білесің бе" атты оқырмандар сайысы (кітапханашы Суфтина Т. А.), 21 қазан күні "Туған жер-тұнған тарих" (бастауыш сынып мұғалімі Золотарь Л. П.), 26 қазан "Бала құқығы" облыстық байқауына қатысты – адам құқығы "(4 сынып оқушылары) ,28 қазан" игі істер марафоны "(мектептің өзін-өзі басқаруы), 28 қазан" өз Қазақстаныңды қанша білесің "(Жас Ұлан) викторинасы,1 қараша Семей ядролық полигонының жабылуына арналған " Жер рахмет дейді !"(8-сынып жетекшісі Белимова Е. С.) 2 қараша эссе" Қоғамға қызмет ету "(7-сынып), 2 қараша бейнеролик "Все для тебя моя Родина" (2-сынып),5 қараша республикалық айлық " Бала құқығы – адам құқығы "(мектептің  өзін-өзі басқаруы), 5 қараша           " Алтын күз "сурет салу бойынша аудандық конкурсқа қатысу, 8 қараша" Қазақстанның табиғи аймақтары бойынша саяхат "сынып сағаты , 15 қараша"Ұлттық валюта күні" сынып сағаты. 
    "Рухани жаңғыру" - еліміздің ең ауқымды әрі перспективті жобаларының бірі.
"Бұл жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл. Егемендікке қол жеткізгеніне 30 жыл толады. Бірақ қанша жыл өтсе де, біз тарихымыздағы ұлттық қайраткерлер мен батырлардың ерлігін ұмытпауымыз керек.

Мекенбаева К.К.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.11.2021 09:33
Құрылған күні: 24.11.2021 09:34

Текст